2022 жылдың 20 сәуірі «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Қазанғапов Т.Д. «ЭЛЕКТРОВОЗ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ» ЖШС-де болып, филиалдың кәсіподақ белсенділерімен кездесті. Отырыс барысында кәсіподақ ұйымының қаржылық қызметіне қатысты мәселелер талқыланып, «ЭЛЕКТРОВОЗ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ» ЖШС-нің 2025 жылға дейінгі ұжымдық шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы қаралды. Отырыс нәтижесінде кәсіподақ бюджетінің сметасын редакциялау және ұжымдық шарт жасау бойынша келіссөздерді жалғастыру туралы шешім қабылданды.
2021 жылғы 28 желтоқсанда «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» (бұдан әрі-кәсіподақ) «Кәсіподақтардың құқық қорғау қызметі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Аталған дөңгелек үстелге Армения, Грузия, Израиль, Латвия, Өзбекстан кәсіподақтар конфедерациялары қатысты, олар кәсіподақ қызметіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті, кәсіподақ ұйымдарының жұмыс уақытын есепке алу, еңбекақы төлеу бөлігінде кездесетін қиындықтар туралы айтты. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Жумагалиева Г. А. Федерация базасында ҚР барлық өңірлері бойынша филиалдары бар заң клиникасы құрылғанын хабарлады. Заң клиникасы 1500-ден астам кеңес берді, кемінде 1000 медиативтік келісім жасады. Латвияның еркін кәсіподақтар конфедерациясы, лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобы және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған ХЕҰ Бюросы заң клиникасының жұмысы бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің 2020-2021 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппаратының басшысы Е.Р. Мұқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қоғамдық кеңес мүшелеріне индустрияны дамытуға қосқан үлесі үшін Министрдің Алғыс хаттарын табыс етті.
2021 жылғы 22 қазанда сағат 15:00-де «Келісу комиссиясы: бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігі ме, әлде еңбек дауындағы формальдылық па» атты вебианр өтті. Оған «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» ҚБ мүшелері – «Тыныс» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, "ЭЛЕКТРОВОЗ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ" ЖШС, «Ақтюбрентген» АҚ кәсіподақ ұйымдары қатысты .