«Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағалары
1997 жылдан бастап «Қорғау» корпорациясының жұмыс
берушілер одағымен әлеуметтік серіктестік басталды, кәсіподақ тарихында
алғаш рет Қазақстан Республикасы Индустрия министрлігі, «Қорғау» компаниясы мен
Қазақстан Республикасы машина жасау жұмысшылары кәсіподағы арасында 3 жақты
салалық келісімге қол қойылды. Кейінгі жылдары бұл тәжірибе жалғасуда, осы
келісімдер негізінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Ұжымдық шарттар қабылданып жатыр.
2006 жылы Кәсіподақ
«Қазақстан Республикасының машина жасау жұмысшылары кәсіподағы» қоғамдық
бірлестігі болып өзгертілді.