2022 жылдың 18 мамырында Қазақстанда және одан тыс жерлерде кеңінен танымал рентген-медициналық және өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды өндіруде үлкен тәжірибесі бар «Актюбрентген » АҚ 80 жылдығын атап өтеді. Еңбек ұжымына жоғары кәсіби шеберлігі, ынта-жігері және өз ісіне деген адалдығы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Мерейтой қарсаңында салалық кәсіподақ төрағасының бұйрығымен «Актюбрентген» зауытының кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрағасы Бондаренко С.Н., сондай-ақ «Актюбрентген» АҚ өндіріс басшысы Шкурат Н.П. «Кәсіподақ жұмысына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен келесі кәсіподақ мүшелері марапатталды: «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен Андреев В.А., «Еңбек ардагері» медалімен Бородинский Ю.А.,құрмет мадақтамасымен Сабиржанов М.М., Кобылова Б.И., Хабибулин Ф.И., алғыс хатпен Лысенко С.А., Исалин Р.А., Мишутин А.В.
Кәсіпорынға бақ – береке, ал барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, табыс, отбасыларына молшылық пен амандық тілеймін!