"Машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы Т.Д. Қазанғапов "Еуразиялық команда" шақыруы бойынша 2021 жылғы 21-25 маусым аралығында JILAF онлайн бағдарламасында оқудан және тәжірибе алмасудан өтті.
Бұл бағдарламаға аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д. Н.Айтжанова, "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары С. Б. Медеубаев және Белоруссия мен Украина өкілдері қатысты.
1994 жылдан бастап JILAF дамушы елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу мақсатында лайықты еңбекті іске асыруға бағытталған еңбек қатынастары мен еңбек саясаты бойынша семинарлар өткізеді.
Бұл бағдарлама Жапонияның еңбек саласындағы ахуалы мен еңбек қатынастары тәжірибесіне негізделе отырып, дамушы елдер кәсіподақтарының көшбасшыларын даярлауға ықпал етеді. Қатысушылар жапон жұмыс қозғалысының тарихы, қазіргі жағдайы мен міндеттері, еңбек қатынастары және Жапонияда еңбекті ұйымдастыру практикасы, жапон еңбек заңнамасы және әлеуметтік сақтандыру жүйесі сияқты түрлі тақырыптарға арналған дәрістерді тыңдайды.
Әр нақты елдің жағдайын және әр ұлттық орталықтың басым мәселелерін ескере отырып, семинарлар әртүрлі тақырыптарға арналады, мысалы, сындарлы еңбек қатынастарын құру, жаһандану және кәсіподақтардың рөлі және т. б.