Іс-шаралар жоспары аясында "Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы Т.Д. Қазанғаповтың "КАМАЗ – Инжиниринг" АҚ жұмыс ұжымымен және бас директоры С. А. Кистинмен кездесуі өтті. Кездесу аясында ұжымдық шарттың жаңа редакциядағы жобасы талқыланып, алдын ала қабылданды, сондай-ақ кәсіпорындағы еңбек қатынастарына қатысты мәселелер қаралды.