2021 жылдың 03 маусымында салалық кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыруға белсенді қатысқаны үшін, жемісті жұмысы және салалық кәсіподақ қозғалысының бірлігін, ынтымағын және дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, сонымен қатар "Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің 40-жылдық мерейтойы қарсанында Рахметов Ағыбай Фазылұлы - кәсіподақ төрағасының кеңесшісі, Алдаберген Қайрат Әбуұлы - "811 автомобиль жөндеу зауыты КИ" АҚ кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің мүшесі, автомобильдерді жөндеу жөніндегі 5 - разрядты шебер «Кəсіподақ жұмысына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Марапатталғандарды жұмысының жоғары бағалануымен құттықтаймыз және кәсіби қызметіне табыс тілейміз!