2021 жылғы 29 маусымда "Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы" ҚБ тексеру комиссиясының отырысы өтті. Атқару комитетінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №4 қаулысымен кәсіподақ ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізу үшін бухгалтер А.С. Абдихадырова мен жетекші маман А. С. Ахтанованың кандидатуралары келісілді. Отырыста тексеру комиссиясын келесі құрамда бекіту туралы шешім қабылданды, сондай-ақ тексеру комиссиясының жұмыс жоспары бекітілді:
Тексеру комиссиясының төрағасы – Нурахаев Б. Е.
Тексеру комиссиясы төрағасының орынбасары - Маналов М. Т.
Тексеру комиссиясының хатшысы – Ахтанова А. С.
Тексеру комиссиясының мүшесі - Абдихадырова А. С.