Салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіподақ мүшелерін, еңбек ұжымы қызметкерлерін дене шынықтыру мен спорттың әр түрлі түрлерімен тұрақты және белсенді айналысуға тарту, еңбек ұжымы қызметкерлерінің денсаулығын нығайту мақсатында 2021 жылғы 3 маусымда салалық кәсіподақтар мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы басшылығы арасында футболдан кезекті жолдастық матч өтті.
Ойыншылар көптеген әсер, эмоциялар алды және қарсылас командаларға матч үшін алғыстарын білдіріп, бір-біріне жаңа спорттық табыстар тіледі!