Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 13 сәуірдегі қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 18 қаңтардағы шешімі өзгеріссіз қалды. Осы шешім шеңберінде салалық кәсіподақ филиалы - "ЗИКСТО" АҚ кәсіподақ ұйымы мүшелерінің құқықтары қорғалды, соның арқасында жұмыс беруші қызметкерлерге төленбеген материалдық көмектің өтелуін, қызметкерлерді санаториялық-курорттық емделуге және сауықтыруға жолдамалармен қамтамасыз етуді және 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жүргізетін болады.