Жастар арасында еңбек құндылықтарын ілгерілетуге және кәсіподақ қызметін одан әрі дамыту мен жандандыруға бағытталған "30 Еңбек елшісі" кәсіподақ жобасының ҚРКФ сараптама комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың ішінде біздің кәсіподақ мүшесі: Төлетаев Ерлан Серікұлы-Қостанай облысы, Қостанай қ. "СарыарқаАвтоПром" ЖШС бөлімше басшысыда бар.
Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы жобаның барлық жеңімпаздарын құттықтайды! Баршаңызға еліміздің кәсіподақ қозғалысының идеологиясын ілгерілету, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешетін және еңбекшілердің құқықтарын қорғайтын, кәсіподақтардың имиджін арттыру бойынша белсенді жұмыс тілейміз!