*ЗАҢ ХАЛЫҚҚА ТҮСІНІКТІ БОЛУЫ ТИІС!*
Жаңа заң терминдер сөздігі — ана тіліндегі әділет жолындағы қадам
Бүгін *Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы * *Баймұрат С.М.* дайындаған *қазақша заң терминдер сөздігін* сатып алды.
Бұл жай ғана сөздік емес. Бұл — орыс тіліндегі күрделі құқықтық ұғымдарды қазақ тіліне дәл, ғылыми және мағыналы аудару жолында жүргізілген көпжылдық ғылыми және практикалық жұмыстың нәтижесі. Себебі еңбек құқықтарын қорғау үшін алдымен заңды түсіну керек. Ал заңды түсіну үшін — ол түсінікті тілде жазылуы қажет.
Аталған еңбек *«AESН»* компаниясының қолдауымен жарық көрді. Бұл тек заң ғылымының дамуына ғана емес, жұмысшылардың нақты құқықтарын қорғауға да үлес қосатын маңызды еңбек.
Авторға осы бағалы еңбегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сөздік мынадай мамандар үшін пайдалы құрал болып табылады:
- заңгерлерге,
- аудармашыларға,
- оқытушыларға,
- студенттерге
және қос тілді заңнамада жұмыс істейтін барлық сала өкілдеріне.
Біздің кәсіподақ мұндай бастамаларды әрдайым қолдайды. Себебі әділетті қоғам — әр азамат өз құқықтарын түсінетін қоғам.
Кәсіподақ белсенділерін осы маңызды еңбекті оқып танысуға шақырамыз.
Құқықтық әділеттілікті бірге қалыптастырайық!
— *Қазанғапов Т.Д.*
«Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы