2024 жылғы 27 қыркүйекте машина жасаушылар күні мен кәсіподақтар күні қарсаңында Кәсіподақтар федерациясының алаңында және Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында ведомстволық және кәсіподақ наградаларын марапаттау бойынша салтанатты іс-шаралар мен рәсімдері өтті.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрі К. Б. Шарлапаевтың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №444 – к және №445-к бұйрығына сәйкес «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-кәсіподақ) бастамасы бойынша кәсіподақ мүшелері – кәсіпорын қызметкерлері мынадай наградалармен марапатталды.Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі қаулысына сәйкес "Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы" ҚБ машина жасау және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы Салалық келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін "ЮКМЗ" АҚ-дан 2015 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі "ЮКМЗ" АҚ қызметкерлерінің мүддесі үшін ақшалай қаражат өндірілді. Осыған байланысты аталған кезеңде жұмыс істеген "ЮКМЗ" АҚ-ның барлық қызметкерлерінен кәсіподақтың келесі байланыс деректеріне әлеуметтік кепілдіктер алу үшін жүгінулерін сұраймыз: 8 (717-2) 21-60-05, эл. пошта: profsoyuzmash@mail.ru, сайт: opsm.kz
А.ж. 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Орталық кеңсесінде (ҚРКФ) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесуі өтті.
Талқылаудың басты тақырыбы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және зиянды жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасы болды.
Осы кездесу аясында машина жасаушылар салалық кәсіподағының төрағасы Т. Қазангапов әлеуметтік әріптестік бөлігінде машина жасау және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы салалық комиссия туралы айтып, салалық келісімге қол қоюмен байланысты қиындықтарды атап өтті.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.К. Жақыпова бірінші вице-министр А. А. Сарбасовқа Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы"ҚБ өкілдерінің қатысуымен өз деңгейінде жеке кездесу өткізуді тапсырды.
Кездесуді қорытындылай келе, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Т. Дәулеталин әлеуметтік серіктестердің мұндай кездесулері дәстүрге айналатынын атап өтті.
2023 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қоғамдық кеңесінің жаңа сайланған құрамының отырысы өтті.
Министрлік Аппаратының басшысы Рахымжан Исақұлов
Қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған мүшелерін құттықтап, жемісті жұмыс тілеп, министрліктің Қоғамдық кеңеспен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екенін айтып өтті.