2022 жылғы 4 мамырда «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Т.Д. Қазанғапов «КАМАЗ-ИНЖИНИРИНГ» АҚ және «Тыныс» АҚ жұмыс сапарымен болды.Еңбек ұжымымен, сондай-ақ зауыт басшылығымен кездесу барысында 2020-2022 жылдарға арналған уәкілетті мемлекеттік орган, машина жасау және қорғаныс өнеркәсібі жұмыскерлері мен жұмыс берушілерінің өкілдері арасындағы саллаық келісімнің 11-тараудың 13-тармағыма сәйкес ағымдағы спорттық, мәдени-көпшілік іс-шараларды қаржыландыруды, балалар мекемелеріне (мектеп, бала бақша, балалар үйі, спорт клубы және басқалары) шефтік көмек көрсету, мұқтаж Жұмыскерлерге материалдық көмек көрсету, Жұмыскерлерді шипажайлық-курорттық емделуге және сауықтыруға арналған (төлеу қорынан кемінде 1% (бір пайыз) мөлшерінде) ақшалай қаражатты бөлу мәселесі талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша апта соңына дейін «КАМАЗ-ИНЖИНИРИНГ» АҚ кәсіподақ активіне кәсіпорын қызметкерлері арасында сауалнама ұйымдастыру және ақшалай қаражаттың мақсатты тағайындалуы шеңберіндегі іс-шараларды сырттай (көзбе-көз) дауыс беру арқылы анықтау туралы шешім қабылданды.