2023 жылғы 20 желтоқсанда Н.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде машина жасаушылар салалық кәсіптік одағының кезектен тыс х съезінің бағдарламасы шеңберінде делегаттар "Келісім комиссиясы, аттестаттау комиссиясы және кәсіподақ қатысатын кәсіпорынның өзге де органдары жұмысының құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану ерекшеліктері" тақырыбында оқудан өтті .
Дәріскер ретінде PhD докторы, М. С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің доценті М. Х. Хасенов сөз сөйледі.
Машина жасаушылар салалық кәсіподағы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.