Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында 2022 жылғы 26 сәуірде "Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің филиалы - "ЭЛЕКТРОВОЗ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ" ЖШС кәсіподақ ұйымы қауіпті, зиянды және қолайсыз еңбек жағдайлары салдарынан қаза тапқан, жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жұмысшыларды еске алуға арналған кәсіподақ мүшелерінің балаларымен іс – шара өтті. Бұл күні алға қойылған ұрандар жыл сайын өзгеріп отырады, бірақ олардың барлығы өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және сақтауға байланысты. 2022 жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні "Ортақ күш-жігермен еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру"ұранымен өтуде.