КазПрофМеталл күнтізбесі 2020
"Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы"
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
Жұмыс уақыты:
Қоңырауларды қабылдау: 9:00 -дан 18:00 дейін (Дс-Жм)
010000, Қазақстан Республикасы,
Нұр -Сұлтан қаласы,
Абай даңғылы 38, 108 кеңсе
Помочь
RU KZ

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша байқау, машина жасау, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіби шеберлік конкурсы

үй
/
Жаналықтар
/
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша байқау, машина жасау, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіби шеберлік конкурсы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында машина жасаушылар күні қарсаңында машина жасау және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы салалық келісімді іске асыру мақсатында 2022 жылғы 22-23 қыркүйек аралығында Машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы (бұдан әрі - кәсіподақ) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша байқау, машина жасау, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі-байқау-конкурс) өткізді.

0K2A9325

Байқау-конкурсты өткізудің негізгі мақсаты номинациялардағы үздік қызметкерлерді анықтау және олардың рекордтық жетістіктерін насихаттау, техникалық мамандықтардың мәртебесі мен әл-ауқатын арттыру және өндіріске жас мамандарды тарту арқылы Қазақстан Республикасының машина жасау саласындағы еңбек сапасы мен өнімділігін арттыруға ынталандыру болып табылады.

Бұл іс-шара Мемлекет басшысының саясатымен тікелей байланысты, ол өз сөзінде: «Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек» деген екен.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

- еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор;

- үздік дәнекерлеуші;

- үздік токарь.

0K2A9291 0K2A9296

Осы байқау-конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық машина жасау кәсіпорындары (оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі) шақырылды.

Осы байқауға қатысу үшін зауыт-әлеуметтік серіктестер өкілдерінің барлық шығындарын (жол, тұру, тамақтану және т.б.) кәсіподақ төледі.

Жарыс нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

«Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» номинациясы бойынша:

-  1 орын-Брытков Андрей Александрович («Камаз инжиниринг»АҚ);

-  2 орын - Сигутин Анатолий Анатольевич («С.М.Кирова атындағы зауыт» АҚ);

- 3 орын - Нұржан Өскен («Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС (Қазақстан Парамаунт Инжиниринг)).

«Үздік дәнекерлеуші» номинациясы бойынша:

- 1 орын - Расол Ерқанат ("Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС (Қазақстан Парамаунт Инжиниринг));

-  2 орын - Мустафин Дархан Шаймуратович («Қамқор Локомотив» ЖШС Атбасар элекровоз жөндеу зауыты филиалы);

-  3 орын – Касембаев Корган Рашидович («ЭКЗ Сервис» ЖШС);

«Үздік токарь» номинациясы бойынша:

-     1 орын - Хасанов Мәди Сәрсенұлы («Зенит» Орал зауыты» АҚ);

-  2 орын - Мыльников Виталий Александрович («Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ);

-  3 орын – Мақанов Санат Сембайұлы Анатольевич («С.М.Кирова атындағы зауыт» АҚ).

0K2A9506

0K2A9527

58ed15f8-fb5e-4e4d-8d32-f5cef38c328a

Байқау – конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, дипломдар мен ақшалай көтермелеулер табыс етілді, сондай-ақ барлық қатысушылар алғыс хаттар алды.

0K2A9335

Сонымен қатар, осы байқау аясында қатысушылар «Kazakhstan Machinery Fair 2022» көрмесіне барды.

619e0343-523b-479b-83de-f1876f346c60

«Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» ҚБ атынан аталған байқау өткізуге мүмкіндік бергені үшін әлеуметтік серіктестер мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне алғыс білдіреміз.

WhatsApp Image 2022-09-23 at 13.09.52 (1)

Машина жасаушылар күнімен!

Көмек керек пе?
Біздің маман сізге 10 минут ішінде хабарласады
Бұл керек аймақ
Сіздің атыныз
*
Бұл керек аймақ
Телефон:
*
Бұл керек аймақ
E-mail:
*
Бұл керек аймақ
Түсініктеме
*
Бұл керек аймақ
Галочка
*
Спасибо! Форма отправлена
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр - Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 38, офис 108